Бүгін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп- лицей ұжымы мектеп айналасын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында сенбілікке шықты.
Іс-шара барысында мектеп қызметкерлері бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді. Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Мектеп ұжымы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Олар табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін, ал сенбілік сияқты іс-шаралар қоғамның экологиялық санасын көтеруге оң ықпал ететінін жеткізді.