Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі – адамның рухани кемелденуінің, ізгілікке, білім мен еңбекке ұмтылуының биік өлшемі. Бұл ілімнің негізінде үш қасиет жатыр: ақыл, жүрек және қайрат.
Мектеп өмірінде осы үш қасиет – әр оқушының табысты, бақытты, парасатты болуына жол ашады.
• Ақыл – білімге құштарлық, ойланып, сараптап әрекет ету.
• Жүрек – мейірім, достарына, ұстазына, ата-анасына құрмет.
• Қайрат – қиындыққа мойымай, табандылықпен мақсатқа жету.
Абай айтқандай, осы үш қасиет тең болғанда ғана «Толық адам» қалыптасады. Білімді болуымен қатар, өнерді үйрену, айналаңа шуағыңды шашу, біреуге көмек беру, өзіңді дамыту – нағыз заман талабына сай оқушының жолы.
Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы № 77 мектеп-лицейінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай аталған мақсатқа сай іс-шаралар жүргізілуде.
Көркем еңбек педагогтері өз сабақтарында оқушылардың бойында осы үш қасиетті бірдей дамытуға зор үлес қосуда.
Ойлап салған сурет – ақылдың жемісі, жүрекпен салған бейне – мейірімнің көрінісі,
ал оны аяқтаған еңбегі – қайраттың дәлелі. Біздің оқушыларымыз – ертеңгі елдің болашағы. Сондықтан әр күнімізді біліммен, жақсы мінезбен, еңбекпен толтырайық. Абайдың ілімі – біздің оқушыларымызға бағдаршам бола берсін!