Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп- лицейінде "Ұстазға алғыс" атты апталықтың "Қалдырған ізің мәңілік..." тақырыбында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Бұл күн – саналы ғұмырын еңбекпен өрнектеп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан қазыналы ұстаздарымызды ардақтап, оларға ерекше құрмет көрсетілді.Өмірдің қиындығы мен қуанышын қатар көріп, жас ұрпаққа өнеге бола білген ұстаздар – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Ардақты ұстаздарымыздың даналығы, парасаты, өмірлік тәжірибесі – болашақ ұрпақ үшін сарқылмас қазына. Сіздердің ақ баталарыңыз, ізгі ниеттеріңіз бізге әрдайым күш-қуат беріп, бағыт-бағдар сілтеп келеді.

Осы мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Шәкірттеріңіздің, балаларыңыз бен немерелеріңіздің қуанышы мен жетістігі сіздер үшін ең үлкен сый болсын!

https://www.facebook.com/share/r/19rDN9ETym/