Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қазақтың біртуар ұлы ретінде тарих беттерінде қалған Асанбай Асқаровтың бүгін 13 тамыз өмірден өткен күні. Осыған орай "Асанбай Асқаров" қорының ұйымдастыруымен Асанбай Асқаров монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Осы іс-шараға мектеп-лицей директоры Ақмарал Сайдсламқызы мен мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Пердеш Есенбеков қатысты. Іс-шарада алаштың арда туған перзентінің қайраткерлігінің арқасында Шымкент қаласында бірнеше айтулы игі істері атқарғаны туралы айтылды. Біздің қара шаңырақ мектеп-лицейіміз Асанбай Асқаровтың атында болғанын мақтан тұтамыз.

Асанбай Асқаров нағыз қазақтың патриоты және батыры бола білген тұлға. Осы іс-шарадан мектеп мұражайына естелік ретінде Асанбай Асқаровтың отбасылық сурттері бейнеленген кілем тарту етілді. А.Асқаровтың ұлық істерін көрсететін іс-шаралар өз жалғасын таба береді.