Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы № 77 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұлы ақынның толық адам іліміне негізделген «Абайды оқы, таңырқа» рухани-танымдық челленджі аясында ұлттық құндылықтарды насихаттап, адамгершілік пен парасаттылықты дәріптеуде.
Осы игі бастама аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асилова Алия Тулегеновна Абайдың өлең жолдарын жолдайды.
Ұлы Абайдың өнегелі жолы – ұлт руханиятының темірқазығы.
Оқы, ойлан, таңырқа...
Абаймен рухани жаңғырайық!