Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77мектеп - лицейінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үдерісі « Е-асхана» платформасы арқылы цифрлы негізде іске асырылуда.
Жүйенің артықшылықтары:
Әр оқушыға жеке тамақтану карточкасы беріледі;
Карточкада оқушының аты-жөні мен сыныбы көрсетіледі;
Асханаға кірген кезде оқушы карточкасын көрсетіп, белгіленген мәзір бойынша ыстық тамақ алады;
Процесс толықтай электронды түрде қадағаланады.
Бұл жаңашылдық асхана жұмысын заманауи деңгейге көтеріп, оқушылардың ыстық тамақпен уақытылы әрі жүйелі қамтылуына мүмкіндік береді.