Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп - лицейінде 18.09.2025 ж.күні 1 - 11 сынып ата - аналары үшін жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты.
  2. "Мектеп пен ата - ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы: жүйелі тәрбие жұмыстары!"
  3. 2024 - 2025 оқу жылының жетістіктері.
  4. Мектептің ішкі тәртіп ережесі, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар.
  5. "Мектепке жол акциясы" және Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру (жазғы сауықтыру лагері, ыстық тамақ, бірінші сыныпқа қабылдау).
  6. 2025 - 2026 оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамту.
  7. Ата - аналар комитетін сайлау.
  8. Оқушыларды нашақорлықтан, алаяқтық ,буллингтен қорғау.

9.Әр түрлі мәселелер.

Жиналысты мектеп - лицей директоры Сайфудтинова Ақмарал Сайд - Исламқызы ашып, ата - аналарға жаңа оқу жылының "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсат - міндеттерімен таныстырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі және ана - аналарды мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды.

Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Муслимова 2024 - 2025 оқу жылында жеткен жетістіктер, атқарылған жұмыстар жайлы атап өтті.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Шиналиева "Мектеп пен ата - ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы және мектептің ішкі тәртіп ережесі, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын толық таныстырып, ішкі тәртіпке бағынуға шақырды.

Мектеп - лицей директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С. Аширбекова "Мектепке жол акциясы"және Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру (жазғы сауықтыру лагері, ыстық тамақ, бірінші сыныпқа қабылдау) мәселелері бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген оқушылардың "Міндетті білім беру қорынан" алған бір реттік көмектері жайлы айтып өтті.

Мектеп инспекторы ата - аналар жиналысында оқушыларды нашақорлықтан, алаяқтық ,буллингтен қорғау мәселелері туралы айтып , ата - аналарға балалардың тәртібін қадағалауды ескертті.

Ата - аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігі тарапынан нақты жауап ала алды.