Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында "Жаңашыл ұстаз болу-заман талабы" тақырыбында дебат пікірсайысы 26 қаңтар күні "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып өткізілді.
Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған пікірсайыстың мақсаты:
Оқу мәдениетін қалыптастыру;
Сыни аналитикалық ойлау ;
Қарар:
- БП Абайдың ең үздік қара сөзін көрсетеді.
- "Атом әрекеттері"
шығармасы бойынша жетістікке жетуде мақсаттан гөрі әрекет маңызды деп есептейді.
3."Өзбекәлі Жәнібеков және мәдени майдан" шығармасы бойынша "Ұлттық тарихты қайта жаңғырту мәдени дамуға кедергі келтіреді деп есептейді.
Дебат аясында үш үздік кітап талқыланып, керемет талдау жасалды. Пікірсайыс барысында ұстаздардың көрсеткен белсенділіктері, дайындықтары, логикалық ойлау қабілеттері және сенімді сөйлеу мәдениеттері ұнады.
Әрбір ойлары нақты дәлелге сүйенген, тақырыптарды терең меңгергендерін айқын көрсетті.
Дебат – бұл тек сөз жарысы емес, бұл тыңдай білу, қарсы пікірді құрметтеу және өз көзқарасыңды мәдениетті түрде қорғау өнері. Ұстаздар осы құндылықтардың барлығын жоғары деңгейде көрсете алды.