“Жамбыл Жабаев туғанына -180 жыл“ дебат турнирі
Ақпан айының 17-18 жұлдызында Шымкент Орталық әдістеменің ұйымдастыруымен қалалық дебат турнирі өтті. Қала мектептерінен келген 40 тан астам фракция бақ сынады. Екі күндік турнир — эмоция, тәжірибе және өсуге толы күн болды. Жаңа идеялармен бөлістік, мықты қарсыластармен тартысты раундтар өткіздік. Жеңіс те, сабақ та болды. Ең бастысы — команда рухы мен алға ұмтылыс. Ұйымдастырушыларға, төрешілерге және барлық қатысушыларға үлкен рақмет.