Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Асқаров атындағы №77 мектеп- лицейінің кәсіби бағдар беру педагогі Д.Жамалбекова қыркүйек айының жоспары бойынша бастауыш сынап оқушыларына "Мен өскенде кім болам?" тақырыбында сурет салдырды.
Мақсаты:
Оқушыларды мамандықтармен таныстыру – түрлі кәсіптерді сурет арқылы тануға, олардың ерекшелігін түсінуге ықпал ету,балалардың қиял әлемін кеңейте отырып, мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру және еңбекке деген оң көзқарасын дамыту.
Сурет салу барысында оқушыларға мамандық туралы түсінік берілді,оқушылар өздерінің қызығатын мамандықтары туралы жарыса айтты. Өз ойларын қағаз бетіне түсірген оқушыларды ынталандыру мақсатында кәсіби бағдар беру педагогі оқушыларға мақтау қағазын берді.
https://www.facebook.com/share/v/1BSgJMskQ9/