Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қазақ үшін ат құлағында ойнау – еркіндіктің, ерліктің, елдіктің белгісі!

Ат – қазақтың қанаты, серігі, айнымас досы. «Ат – ер қанаты» деген сөздің мәні де осында. Ат құлағында ойнаған қазақ баласы батырлыққа, төзімділікке, шапшаңдыққа баулынады. Даланың төсін дүбірлеткен тұлпардың үстінде жүріп, ұрпақ еркіндікті, азаттықты сезінді.

Қазақтың ұлттық болмысы да, тәуелсіздік рухы да атпен тығыз байланысты. Осындай рухы мықты шәкіртіміз А. Асқаров атындағы N77 мектеп-лицейінің 2018 жылғы түлегі Жасұзақ Ернар Ғалымжанұлы 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласы күніне орай "Топжарған" этно-мәдени орталығы ұйымдастырған іс-шарада екі аттың үстінде тік тұрып 2 шақырымды 3 мин 25 сек еңсеріп жаңа рекорд орнатты. Қазақстанның рекордтар кітабының жаңа кейіпкері атанды. Ернардың анасы мектеп-лицейіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Роза балаларды жастайынан өнер мен білімге баулып келетін шығармашыл ұстаз.

Ана үшін баласының әрбір жетістігі – шексіз еңбектің жемісі, болашағымыздың нұры. Ал шәкірттің табысы – ұстаздың абыройы. Ернар біз сенімен мақтанамыз!

Бүгінгі ұрпақ та осы құндылықты ұмытпай, ат жалын тартып мінген бабалардың рухын жалғауы тиіс!