Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің "Өзін-өзі басқару" мектеп парламенті президенті бастаған оқушылар құрамы 27 қаңтар күні
№2 Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен «Intellect Arena» интеллектуалдық ойынында жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Сайыс барысында білімдері мен тапқырлықтарын дәлелдеп, нәтижесінде жүлделі І орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Оқушыларды сайысқа дайындаған жетекшісі: аға тәлімгер - Лейла Оңғарбайқызы.