Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Асқаров атындағы № 77 мектеп - лицейінде 15.09.2025 ж.күні "Дара тұлға - Асанбай Асқаров " атты салтанатты іс - шара өтті.

Шымкент қаласындаға №77 мектеп - лицейі тұғыры биік тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері А. Асқаровтың есімімен аталады..

Міне ,бүгін ел жадында елеулі із қалдырған, Шымкенттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар азамат А.Асқаровтың туған күні.

А.Асқаровтың туған күніне арналған іс - шара мектеп басшысы А. Сайфутдинованың басшылығымен әскери жетекшінің рапорт беруімен бастау алды. Мемлекеттік ту енгізіліп,мемлекеттік әнұран шырқалды.

А.Асқаров атындағы мектеп - лицей ұстаздары мен оқушылары және құрметті қонақтар мектеп ауласындағы А.Асқаров ескерткішіне және қаладағы тақтайшаға гүл шоқтарын қойды. Оқушылар Асанбай Асқаров жайлы естеліктер мен шығармаларын отансүйгіштік пен елге адал қызмет еткен істерін кейінгі буынға паш етті. Ақындық өнері бар болашақ ақын оқушыларымыз А.Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбектерін бағалап, жыр шумақтарын арнады.

Қалалық барабаншылар жеңімпаздары, мектебіміздің мақтаныштары "Рәміздік топ" барабан шеруі жүріп өтті.

Жарқын болашақ жастарымызға Асанбай атамыздың әрбір ісі үлгі болары хақ.