Ұстаздар мерекесіне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің физика пән мұғалімі Самедова Ұлжалғас Рахимбаевна "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, жаһандық құзіреттілік пән мұғалімі Әлдешова Райхан Ахметқызы ҚР-ның Оқу-Ағарту Министрлігінің "Құрмет" грамотасымен, сондай-ақ мектеп-лицейіміздің ардагер ұстазы Абсаматова Карима Бакировна "Ардагер Ұстаз" төсбелгісімен, Каракозева Шолпан Шаяхметовна қала әкімі орынбасарының "Алғыс" хатымен марапатталды. Ұстаздарымыздың көп жылдық аянбай еткен еңбегінің жемісі.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің ұлағатты еңбектеріңіз бен шәкірттеріңізге деген шексіз қамқорлықтарыңыз – біздің болашағымыздың жарқын кепілі.
Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын, әр күніңіз қуаныш пен жетістікке толы болсын!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жүректеріңізге нұр мен мейірім тілейміз.
Сіздердің еңбектеріңізге бас иеміз, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беріңіздер! Марапттарыңыз құтты болсын!!