Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің кітапханасында қоғам қайраткері, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 103 жыл толуына орай 9-сынып оқушыларының қатысуымен “Асанбай Асқаров - ұлы тұлға” тақырыбында іс- шара өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Ұлы тұлғаның “Тағдыр”, “Ұлы Тұранның ұлдары”, “Жұмақ пен тозақ жырлары”, “Көзқарас” атты кітаптары және ақынға арнап жазылған кітаптар қойылды.

Іс-шараға қаланың зиялы қауымы, ардагерлер қатысты, оқушылар Ұлы тұлғаның өмірбаянын айтып, өлең, жырларын мәнерлеп оқыды.