Жүгіру жолы
Кіру
AA+
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
Жүгіру жолы
А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп лицейінде "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ,"Балалар кітапханасы", Кітап оқитын ұлт" жобалары аясында мектеп кітапханашылары С.Мусатаева, З.Еримбетова және 4 "Б" сынып жетекшісі А.Махатаеваның ұйымдастыруымен "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 4'Б" сынып оқушылары қазақ халқының бай ауыз әдебиетінен орын алған, тәрбиелік мәні терең «Алтын сақа» ертегісі негізінде қойылған тамаша сахналық қойылым қойылды.

Бұл ертегі – батылдық пен ақылдың, адалдық пен мейірімнің, жақсылық пен зұлымдықтың мәңгілік күресін бейнелейтін құнды мұра.

«Алтын сақа» ертегісі арқылы біз балаларға ең маңызды құндылықтарды:

– қиындыққа мойымауды,

- досқа адал болуды,

- ақылмен шешім қабылдауды үйретеміз.

Ертегі кейіпкерлері – баланың қиялын дамытып қана қоймай, өмірлік бағыт-бағдар береді.

Мектеп- лицей директоры А.С.Сайфутдинова іс-шараға қатысып, өнерлі өрендерімізге сәттілік тіледі, тәрбиелік мәні зор қойылымдар көбейе берсін, осы қойылымға қатысып отырған оқушыларымыз өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді және де бұл-ұстаздарымыздың еңбегінің , ата-аналардың қолдауының,балалардың талпынысының айқын көрінісі екенін айтып, алғыс білдірді.