Біз туралы
"Білім беруде оқытудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып,
әр оқушының білім сапасын көтеру, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту"
2025 -2026 оқу жылындағы мектеп-лицей миссиясы: Парасатты, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында білімді, дербес, ұлттық құндылықтарға бай ұрпақты тәрбиелеу.
Мектептің мақсаты:Білім беруде оқытудың жаңа технологиялар арқылы оқушылардың функциональдық құзыреттіліктерін дамыту.
Мектептің міндеттері:1. Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай, мемлекеттік стандарт талабы бойынша сапалы білім беру.
- Оқушының әр түрлі ғылым мен өнер, мәдениет, технология салаларында өз мүмкіндігін тани білуге ықпал жасайтын қосымша білім беруді, сыныптан тыс жұмыстарын өрістету.
- Жаңа әдіс –тәсілдерді оқыту мен оқу үдерісіне енгізуді жүйелеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін, бейімділігін қалыптастыру.
- Педагогтардың кәсіби даму деңгейін дамыту, бағалау.
Мектепті дамытудың басым бағыттары:
- Оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағытталған оқу мен оқытуды ұйымдастыру.
- Оқу мен оқытуда оқушыға бағытталған сабақтар ұйымдастыру арқылы оқу ортасын құру.
Мұғалім – оқушы – ата - ана моделін жасау
Біз картада

